Елімізді күллі әлемге танытқан Геннадий Головкинге ескерткіш қою керек - бапкер

2768
Adyrna.kz Telegram

«Кәсіпқой бокс әлемінде үздік танылған, елімізді күллі әлемге танытқан Геннадий Головкинге ескерткіш қою керек». Алматыда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтетін кәсіпқой бокс кешінің баспасөз жиынында белгілі бапкер Сағатбек Мұсаханов осылай деді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Сағатбек Мұсаханов – Жаңқош Тұраровтың жеке бапкері. Алайда бапкер жастарға үлгі болған,  ел намысын халықаралық ареналарда ұзақ жыл қорғап келген Геннадий Головкинге еңселі ескерткіш тұрғызу керек екенін айтты.

«Жаңқошпен ұзақ жыл бірге келе жатырмын. Арманым – оны әлем чемпионы қылу. Ол арманыма бір қадам жақындаған сияқтымын. Бірақ мен осы жиында басқа бір ұсынысты айтқым келеді. Жуырда Мексика елі ардақты ұлы, кәсіпқой боксшы Сауль  Альвареске (57-2-2, 39 KO) үлкен ескерткіш тұрғызды. Ол елінің атын шығаруға еңбек сіңірді. Ол біздің мақтанышымыз Генамен де шаршы алаңға шыққан. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) Қазақстанның атын әлемге паш етті. Головкинге ескерткіш қою керек деп санаймын. Оның еңбекқорлығы – жастарға үлгі»,  - деді бапкер Сағатбек Мұсаханов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер