Сенатор мұғалімдерді қайта оқыту жүйесін енгізуді ұсынды

1038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/mұғalim-960x500.jpg?token=525311c4d24838a86dffa321411b5c40
Сенат депутаты Нұрия Ниязова Қазақстанда педагогикалық мамандық түлектері үшін "қайта оқыту" жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Депутат елдегі мұғалім тапшылығы мен олардың сапалық құрамы мәселесін көтеріп, педагогтердің біліктілігін арттыруда мемлекеттік бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Ниязова "Өрлеу" ұлттық орталығына үйлестіру функциясын бекіту, оқу орындарын міндетті лицензиялауды енгізу, мұғалімдерді даярлаудың қатаң сапа стандарттарын қалыптастыру шараларын енгізуді ұсынды. "Педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолға алу қажет. 2024 жылы педагогикалық мамандықтардың түлектерінің тек 45,6%-ы ғана 50 пайыздық шекті деңгейден өтті. "Қайта оқыту" жүйесі жоғары оқу орындарында жеткіліксіз білім алған түлектердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ете алады", – деді Ниязова. Сондай-ақ сенатор педагогикалық мамандықтар бойынша түлектерді даярлау стандарттарын көтеру, ЖОО-лардың жауапкершілігін арттыру және жаңа мониторинг жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шаралар білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, мұғалімдердің кәсіби мәртебесін нығайтуға көмектеседі.
Комментарии