Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

2459
Adyrna.kz Telegram

23-қаңтарда Астана қ. «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде тұңғыш рет Astana Meeting World indoor tour Silver халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында 22-қаңтар күні Астана қ., «QAZAQSTAN» спорт кешенінде БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-конференция жоспарланған. 

Конференцияда жарыстың ерекшеліктері туралы айтылып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріледі. Спикерлер:

  1. Турнир директоры  – Асхат Сейсембек;
  2. 400метрге жүгіруден Қазақстан Чемпионы, рекордсмен – Михаил Литвин;
  3. Қысқа қашықтыққа жүгіруден Азия Чемпионы, ұлттық құрама спортшысы – Ольга Сафронова;
  4. Ұлттық құрама спортшысы, кедергілермен 400м жүгіруден  Қазақстан Чемпионы – Аделина Земс;
  5. Турнирге қатысушы жұлдыздардың бірі, Әлем Чемпионатының қысқа қашықтыққа жүгіруден бірнеше дүркін күміс жүлдегері – Майкл Роджерс;
  6. Кедергілермен жүгіруден Португалия Чемпионы – Жуа Витор Де Оливьера;
  7. Американдық спортшы – Шеннон Рэй. 

Биыл алғаш рет өткізілетін байрақты бәсекеде Қазақстан, АҚШ, Португалия, Бразилия, Хорватия, Словения, Кения, Эфиопия, Ұлыбритания, Куба, Венгрия, Барбадос, Өзбекстаннан 100-ге жуық спортшы бақ сынайды. 

Жарыс бағдарламасының әр түрінің жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды. Бағдарламаға жеңіл атлетикалық жарыстардың 10 түрі енгізілген. 

ЕРЛЕР: 

- 60м. жүгіру;

- кедергілермен 60м. жүгіру;

- 800м. жүгіру;

- 3000м. жүгіру;

- 400м. жүгіру.

ӘЙЕЛДЕР: 

- 60м. жүгіру;

- 400м. жүгіру;

- 1500м. жүгіру;

- ұзындыққа секіру;

- биіктікке секіру.

Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting еліміздің және Азия өңірінің жеңіл атлетикасындағы ең беделді жарыстардың біріне айналады.

Пікірлер