2025 жылдың 5-6 сәуірінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосқан TEO CUP XIV республикалық дебат турнирі өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара ел аумағында интеллектуалдық пікірталас пен білімге деген сұранысты арттырды, ал жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар марапатталды.
Турнирге еліміздің 8 аймағынан: Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Атырау және Семей қалаларынан келген пікірсайысшылар қатысты. Ауқымды пікірсайыс алаңында 92 команда, 184 қатысушы бақ сынап, өз білімдерін, шешендік шеберліктерін және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Турнирге 500-ден астам көрермен қатысып, белсенді қолдау білдірді.
Осындай ауқымды жобаның сәтті жүзеге асуына бір ғана ұйымдастыру жеткіліксіз екені анық. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне, қатысушылардың шабыттанып, жеңімпаздардың бағалы сыйлықтарға ие болуына бірқатар демеушілер мен серіктестердің қолдауы ерекше әсер етті.
TEO CUP XIV жеңімпаздары мен сыйлықтар:
Альфа лигасы жеңімпаздары:
- Хан Тәңірі — 300 000 теңге, Умра сапарына 2 сертификат
- Массагет — 200 000 теңге, «Шапан Нұр» брендіне 20% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (2 дана)
- Old School және Әділетті Қазақстан — 100 000 теңге (әрқайсысы), «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (4 дана)
Бетта лигасы жеңімпаздары:
- Аласапыран — 100 000 теңге, Түркия сапарына 2 сертификат
- Veni Vidi Vici — 60 000 теңге, «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік, «Кайдзен» кітабы (2 дана)
- Ирина Кайратовна және Dragonlore — 30 000 теңге (әрқайсысы), «Шапан Нұр» брендіне 10% жеңілдік
Жеке номинациялар:
- Ең үздік спикер — Әлібек Сандыбек (80 000 теңге)
- Үздік спикер — Азамат Арынов (40 000 теңге)
TEO CUP XIV аясында ұйымдастырылған тағы бір ерекше шара — «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалдық ойыны болды. Қатысушылар логика, эрудиция және жылдам ойлау қабілеттері бойынша сыналып, тартысты ойын нәтижесінде Сапарғали Батыржан жеңімпаз атанды.
Оған Түркия еліне жолдама табысталды. Бұл жеңіс – оның терең білімі мен зеректігінің дәлелі.
TEO CUP XIV турнирі – бұл пікірсайыс мәдениетін нығайтуға, жастардың сыни ойлауын дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, еліміздегі интеллектуалды жастар үшін үлкен серпін берді.