«Қазақстан барысы-2024» атанған спортшы жол апатына түсті

1318
Adyrna.kz Telegram
Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

«Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев жол апатынан аман қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 1bol.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жазба жариялаған.

«Құрметі достар! Менде барлығы дұрыс. Кеше кішігірім жол апаты болды. Сол оқиғаға қатысы бар ағамыз "бауырым, кешір! Ренжімеші. Көрмедім, байқамай қалдым" деп айтып жатыр. Пенде болғаннан кейін ол бәрі басымызда болуы мүмкін. Сөйтіп қол алысып, екі жаққа кеттік. Ренжіспедік. Жолда абай болайық. Қазір ауа райы өте қолайсыз болып жатыр. Сол үшін назарды басқа жаққа аудармай жолға қарап жүріңіздер», – деді спортшы.

Пікірлер