Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті

3325
Adyrna.kz Telegram

Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті. Бүл туралы LIFE09 ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Тайланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін мәлімдеген. Бірақ  27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған. 

Жоғалған азамат соңғы хабарламасында түсініксіз жәйттардың болып жатқанын достарына ескертіпті.

«Золотой треугольник» деген жерге келгенше 10 постан өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық жігіт, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді. Сатудан қажетті ақшаны таппасаңдар, ақшаны өздерің төлейсіңдер деп айтты. Ал ол ақшаны өтеп бере алмасаң  ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер» делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында. 

Жоғалған қазақстандық азаматтың достарының айтуынша Исламды  құлдықта ұстап отыруы мүмкін дейді.  

Мемлекеттік органдар жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс істеуде. Аталған жерде заңның күші аса жүре бермейді. Бұрынғы тәжірбиелер көрсеткендей, ол елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.

Пікірлер