Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт енді онлайн форматта беріле бастайды

714
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт енді онлайн форматта беріле бастайды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылған құжаттажазылған. деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны онлайн форматта іске қосылсын», – делінген құжатта.

Жеке куәлік пен паспортты онлайн форматта алуға қатысты бірнеше шарттар бар. Екі куәландырушы құжат тек мына жағдайдаларда онлайн берілуі мүмкін:

  • құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
  • құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуына 30 және одан аз күн қалса;
  • жеке куәліктің қолданылу мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаса.

«Құжаттаудың басқа себептері бойынша ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға «ресімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға хабарласыңыз» хабарламасымен жүгіну қажеттігі туралы хабардар етіледі», – делінген құжатты.

Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі.  

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер