Кезегін күткен Дариға. Дубай әуежайынан Назарбаеваның фотосы тарады

1082
Adyrna.kz Telegram
Фото: Syrym Itkulov
Фото: Syrym Itkulov

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Дубай әуежайында тұрған фотосы тарады. Ол немерелерімен Астанаға ұшып барады. Бұл туралы Syrym Itkulov Телеграм арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Телеграм арнасына оқырман Дубай халықаралық әуежайында Дариға Назарбаеваға ұқсайтын әйелді байқап қалғанын айтып, сурет жіберген.

Телеарнаның хабарлауынша, ол немерелерін ертіп Астанаға ұшып келген.

Нұрсұлтан Назарбаев билік қылған жылдары мемлекеттегі екінші адам - Сенат төрағасы қызметіне дейін өрлеген Дариға Назарбаев кейін биліктен шеттетілді.

Пікірлер