Антикор “Қазгеология” басшылығына қатысты тергеу басталғанын хабарлады

2953
Adyrna.kz Telegram

Антикор “Қазгеология” басшылығына қатысты тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.  Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн. теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер