Желіде халықты малға теңеген әкімнің видеосы тарады

3591
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде газсыз отырған халықты малға теңеген ауыл әкімінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ға сілтеп.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, видеодағы әкім – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев. Бейнежазбада тілшілер шенеунікке газсыз отырған халықтың шағымын жеткізген. Алайда бұл сауалға әкім бірден ашуға булығып жауап берген.

«Олар айта береді. Неге сендер халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер ме соны? Мынау жұмыс істеп жатқан бізді тыңдамайсыңдар ма?», – дейді ол.

Видео халықтың ашуын туғызуда. Тіпті, оның отставкаға кетуін талап етіп жатқандар бар.

Пікірлер