Батыс Қазақстаннан үшінші рет ұшқышсыз ұшу аппараты табылды

384
Adyrna.kz Telegram
Фото: newizv.ru
Фото: newizv.ru

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) бөліктері табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тиісті қызметтермен бірге Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылу фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция департаменті бұл объектіні тұрғындардан алыс, оқшауланған жерде тапқанын нақтылады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетсек, аталған ақпарат 2025 жылдың 24 наурызында, сағат 21:15-те телеграм-арналарда таралған болатын.

Оқиға орнына Жәнібек ауданының учаскелік полиция қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, периметр топтары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдері барды.

Бұл Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауымен байланысты үшінші оқиға.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Ұялы ауылынан да ұшқышсыз ұшу аппараты табылғанын жазған едік.  Одан кейін екінші рет 18 наурызда Тасқала ауданында үш метрлік дрон құлаған еді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер