Зеленский Илон Маскты Украинаға шақырды

2204
Adyrna.kz Telegram

Владимир Зеленский SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маскты Украинаға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, кәсіпкер Ресей әскерінің елге келтірген зардаптарын өз көзімен көруі керек.

«Украинаға келіп, барлығын өз көзіңізбен көріңіз. Осыдан кейін сіз бізге бұл соғысты кім бастағанын және оны қашан аяқтай алатынымызды айтатын боласыз»,— деді басшы Thе New York Times ұйымдастырған форумда.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск «Украинаның жалпы соғыста жеңіске жетуі екіталай» екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Қырымды Ресейге беруді және Украина аумақтарын аннексиялау туралы референдумды қайталауды ұсынды.

Пікірлер