Тоқаев тапсырмасы: Алматыда 25 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

1772
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі елдің тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік жағдайын назарда ұстайды. Осы төңірегінде Үкіметке бір қатар тапсырмалар беретініде белгілі. Президент қарастырған түйіткілді мәселелердің бірі- жұмыспен қамту.  Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде аталған проблеманы ортаға салған болатын, деп хабарлайды «Адырна» тілішісі.

«Тағы бір мәселе – жұмыспен қамту. Біз «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қабылдап, оған 1 трлн теңге бөлдік. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды. Алайда, ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, ол зейнетақы және салық төлемдеріне сәйкес келе бермейді, - деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы .

Бұқараны толғандырған жұмысқа орналасу ісі Алматы қаласында өз ретімен жүзеге асуда. Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаевтың берген мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді орналастырған. Бұл дегеніміз, шаһарда адам еңбегіне деген сұраныстың жоғары екенінің айқын дәлелі.

Аймақтағы бос жұмыс орнына орналасушы адам саны да артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша жұмысқа кірді.

«Азаматтар мен жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап қызметтерді электронды форматқа көшіруді жүзеге асыру басталды. Бүгінгі күні барлық қызметтер онлайн түрде көрсетіледі, бұл өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алу, жұмыс беруші үшін бұл бос жұмыс орындарын жариялау, кадрларды іріктеу, белсенді шараларға қатысуға өтініш беру», - деді Сағындық Кенжебаев.

Сонымен қатар, ол биыл 3 қазаннан бастап 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына қатысқысы келетін жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау басталғанын айтты. Қабылдау айдың соңына дейін жүргізіледі.

«Жұмыс іздеушілерді тарту мақсатында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, стихиялық «еңбек биржаларында», базарларда, халық көп жиналатын орындарда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» әмбебап базары ауданындағы «Барлық», «Барахолка», «Сары Арқа», Шолохов көшесі бойындағы «Алматы 1» сияқты базарлар қамтылды», - деді ол.

Пікірлер