Ғылыми жобалар сайысындағы жас зиялылардың жетістігі

1726

«Дарын» ғылыми жобалар сайысында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары медициналық робот, сутегі өндіруге арналған Луноход, белгілі журналист Бейсен Құранбектің тілдік ерекшеліктері, әйгілі Лепсин шеге зауытының тарихы, қаржылық сауаттылық сабақтар зерттеулерін паш етті.

Астана мен Алматы қалаларында еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы ақпараттық жүйелер, ғылым мен технологиялар, қолданбалы математика, Қазақстанның тарихи ескерткіштерін зерттеу және қоршаған ортаны қорғау салаларында жүздеген жобаларын ұсынды.

10-сынып оқушысы Алика Ақылбекова мен 9-сынып оқушысы Диана Хасимова «Жер және ғарыш туралы ғылым» бөлімінде «Илон Маск» жобасын таныстырды. Жас өнертапқыштар ғарышта балама отын көзі ретінде сутегін алуға қабілетті робот жасап шығарды.

Ай мен Марста қалдық топырақ реголит деп аталады, реголитте көп мөлшерінде мұзды табуға болады. Біздің автономды Луноход реголиттен электролиз арқылы сутегін алуға қабілетті. Осылайша, Ай жақсы отын көзіне айнала алады деп айта аламыз, - дейді жобаны әзірлеушілердің бірі Диана Хасимова.

Жоба желілік байқауда барлық NIS-дің арасында 1 орынды жеңіп алды.

Робот жасаушылар Еркежан Үмбетбаева мен Виктор Кахноның «Med-BOT» медициналық роботы да өзіндік ерекшелігімен қазылар алқасын баурап алды. Еліміздің барлық медициналық мекемелеріндегі кәдімгі медбикелердің орнына роботтар сізді қарсы алатынын елестетіп көріңізші. Пандемиядан кейін әлеуметтік бағдарланған мобильді роботтар медбикелердің өткір жетіспеушілігін шешудің ықтимал шешімі ретінде қарастырылады. Сонымен, бұл «Мед-БОТ» медбикеге, дәрігерлік кабинеттерге, сондай-ақ қарттар үйінде, санаторийлерде және пансионаттарда көмекші бола алады.

Жоба «Экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде ғылыми-техникалық прогресс» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды.

Қазақ тілі секциясында Дагмара Ертанатова мен Жәнібек Кенжебек қызықты зерттеу жүргізді. Зияткерлер белгілі журналист Бейсен Құранбектің тілдік ерекшеліктерін анықтады. Зерттеудің негізгі нысаны «Айтуға оңай» ток-шоуының шығарылымдары болды. Сондай-ақ, журналист Бейсен Құранбектің кәсіби тіліндегі сөздердің қолданылуына ерекше көңіл бөлінді.

Осы жоба барысында Б.Құранбек эфирлерінің тілі тек бір бағдарлама негізінде зерттеу жүргізілді. Эфирдегі тележурналист сұхбатына кешенді талдау үлгісі жасалды, Бейсен Құранбек тілінің шағын сөздігі жасақталды, - дейді жас зерттеушілер.

Жоба II орынға ие болды.

Лепсинский аппараттық шеге зауытының тарихын Айсана Еңсебаева, Іңкәр Құрманбаева зерттеді. Оқушылар бұл зауыттың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бүкілодақтық маңызын сол жерде еңбек еткен куәгерлердің – соғыс балаларының сөздерінен біле алды.

Сол бір шалғай замандарда өз еңбегімен жеңісті жақындатқан қайсар апа-аталарымен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл зауыт балалардың еңбегімен салынған екен. Содан кейін зауыт құрылғаннан кейін жас жұмысшылар станоктарға тұрып, шеге, автокөліктерге шынжыр, цистерналарға ою шайбалар, сауда сымдарын шығарыпты - дейді Іңкәр Құрмабаева өз зертеуінде.

Тыл ардагерлері, соғыс перзенттері – Хайныш Сандыбаева, Қадиша Нұрахметова, Махамбай Бекқалиев, Николай Дольников, Торғын Иманбекова, Орал Дәулеткелдинова, Емен Ахметовтердің әңгімелері мен естеліктері ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Жоба «Өлкетану» секциясы бойынша ІІІ орынға ие болды.

«Экономика» бөлімінде Максим Суриннің «Пандемия кезіндегі экономикалық дағдарысты шешуге ақша-несиелік реттеудің әсері» жобасы ұсынылды. Максим өз зерттеулерінде жаһандық пандемия Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін көрсетті. Жоба авторының айтуынша, жиналған деректер кейбір азаматтардың елдегі қазіргі экономикалық жағдайды түсінбейтінін көрсетті. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін Максим тегін сабақтары бар онлайн веб-сайт құрды.

Экономикалық жоба да үшінші орынды иеленді.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket