Балпық би ауылындағы Қадырғали Жалайыри атындағы мектебіне 400-ге жуық кітап сыйға тартылды. Сыйлықты Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Буккроссинг» акциясы бойынша жинады.
Акция Тәуелсіздік күні қарсаңында басталды. Кітап жинағына әр түрлі жанрдағы көркем, ғылыми, балалар әдебиеті кіреді. Үш тілде энциклопедиялар, сондай-ақ қазіргі қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармалары бар. Акцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылар жаңа кітаптар оқу мәдениетін қалыптастыруға және ауыл жастарына пайдалы болатынына сенімді.
Біздің кітап қоры сіздердің «Буккроссинг» акциясы арқасында толықтырылды. Кітап оқу - заманауи бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады деп санаймыз. Осы акцияны қолдағандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз жаңа кітаптар балалардың назарын аударады және үлкен қызығушылықпен оқиды деп сенеміз, — дейді ауыл мектебінің кітапханашысы Жадыра Самажанова.
Кездесу барысында оқушылар үшін активити өткізілді. Балалар жаңа кітаптармен танысып, NIS оқушыларымен бірлескен іс-шаралар туралы идеяларымен бөлісті.
Бұл біз үшін керемет мүмкіндік, - деді Қадырғали Жалайыри атындағы мектептің 8 - сынып оқушысы Дамира Қасымбекова. — Мен көптен бері оқығым келген бірнеше кітапты таптым, енді осыларды демалыста оқуға мүмкіндігім бар!
Ұйымдастырушылардың ойынша мұндай бастамалар жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға және қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.