“Тарихи сәт”: Драматург шығармасына арқау болған кейіпкермен тұңғыш рет сахнада кездесті

3026
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бүгін драматург Роза Мұқанова “Мәңгілік бала бейне” пьесасының жазылуына арқау болған кейіпкермен тұңғыш рет сахнада кездесті. Бұл туралы Мақпал Жұмабай Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Менің сүйікті драматургім Roza  Mukanova бүгін  “Мәңгілік бала бейне” пьесасының жазылуына арқау болған кейіпкерімен тұңғыш рет сахнада жүзбе-жүз кездесті. Толқынысты әрі тарихи сәт…

Болат Атабаевтың сахналауындағы туындыға  мамам Биғайша Медеу, қателеспесем, бастауыш сыныпта оқығанымда апарды. Балалық жүрегімде алапат төңкеріс болғаны есімде. Сол күннен бастап, “Мәңгілік бала бейне” - менің шындық пен ізгілік жолындағы жарық сәулем болды. Жазуға, өнерге әуестенуіме себепкер болды. Үйдің керегесіне әдеби журналдың мұқабасына шыққан сұлу жазушының суреті ілінді.

Кішкентай адамның өміріне орасан ой және жол салатын осындай оқиғалар болады.  Бүгін сол оқиға санамда қайта жаңғырды. Режиссер Абзал Асхатұлы  “Қанаттылар” инклюзивті театрында болмысы мүлдем бөлек “Мәңгілік бала бейне” жасапты. Бұл қойылым да талай көрерменнің шындық пен ізгілік жолындағы жарық сәулесі болары хақ”,- деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер