Рымбала Смаилованың 80 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтті

857
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ұлттық кітапханада аудармашы, журналист Рымбала Кенжебайқызы Смаилованың туғанына 80 жыл толуына орай ,«Көркем аударма – әдебиет пен мәдениеттің көпірі» атты шығармашылық кездесу өтті.

Шарада Рымбала Кенжебайқызының аударма саласындағы еңбектері, журналистикадағы тәжірибесі мен шығармашылық жолы жөнінде тағылымды әңгіме айтылып, Ұлттық кітапхана  қорынан аудармашының жарық көрген еңбектері мен естеліктерінен құралған көрме ұйымдастырылды.

Шараға журналистер, жазушылар, аудармашының туыстары, Алматы қаласының ЖОО студенттері, кітапхана оқырмандары мен шығармашылыққа қызығушылық танытатын жандар қатысты.

Пікірлер