Беларусь президенті Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Назарбаев Лукашенконы жеңісімен шын жүректен құттықтап, беларусь халқына ізгі тілектерін жеткізді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы шын жүректен құттықтап, беларусь халқына да жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде Александр Лукашенко Назарбаевқа жылы сөздері мен тілектері үшін ризашылығын білдірді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, екі тарап жақын арада кездесіп, маңызды мәселелерді талқылау туралы келісімге келген.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтады.
Еске салайық, 26 қаңтар күні Беларусь президенттік сайлауында Александр Лукашенко 80%-дан астамы дауыс жинап, 7-ші рет президент болып сайланды.