Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихаты дүркіреп тұр - РҚШ жетекшісі

3015
Adyrna.kz Telegram

Саяси науқанда бақ сынап, ел басшысы атануға талпынатын Жигули Дайрабаевтың атағы жер жарып тұр. Бұл жайлы үміткер штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков айтты. Ол үгіт-насихат жұмыстарының қарқыны жайлы отандық телеарналардың біріне сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жигули Дайрабаевқа қарасты республикалық-қоғамдық штаб жетекшісі Төлеутай Рахымбековтің сөзіне сенсек, үгіт-насихат жұмысы қызу жүріп жатыр. Кандидаттың тікелей қатысуымен алты өңірде кездесу өтсе, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен мұндай жұмыс Қазақстанның бүкіл елді-мекенін қамтыған.

Төлеутай Рахымбеков "Ауыл" партиясының сайлауға дайындықты алдыңғы сайлау өте салысымен, яғни 2019 жылғы 19 маусымда бастап кеткенін де атап өтті.

"Ауыл партиясы" ауылдар мен ауыл шаруашылығының ғана мәселесін шешпейді, басқа да азаматтардың, қала тұрғындарының да мәселесіне назар аударады. Қала халқының да, ауыл халқының да көтеріп отырған мәселелеріне қарап, дұрыс жолмен келе жатырмыз деп есептейміз, - деді Төлеутай Рахымбеков.

Ол сондай-ақ "Ауыл" партиясының атынан перзиденттікке кандидат ұсынылар кезде терең талқылау, ұзақ пікірталас болғанын жеткізді. Ақырында өмірлік тәжірбиесі мол, кез келген мәселені шешу жолдарын жақсы білетін Жигули Дайрабаевтың ұсынылғанын айтты. Оның айтуынша, Жигули Дайрабаев саясаттағы көлденең көк атты емес, яғни жаңа келген адам емес, саясатта отыз жылдан бері жүрген адам.

Орайы келгенде айта кетейік, Жигули Молдақалықұлы «Ауылдан шықтық» ұранымен саясат майданда күреске түсіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер