Илон Маск Twitter-дегі қызметкерлердің жартысына жуығын жұмыстан шығармақ

3212
Adyrna.kz Telegram
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Twitter компаниясының иесі болғаннан кейін Илон Маск кадр саясатын қайта қарауға шешім қабылдады. Ол қызметкерлердің жартысына жуығын жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттік сұхбаттастарының айтуынша, 7,5 мың жұмысшының 3,7 мыңға жуығы қысқартылатын болады. Бұл ретте штатта қалған қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге тыйым салынады. Бұл шаралар шығындарды азайтуға бағытталған.

Маск бұған дейін өз аккаунтында “жарнама берушілер сөз бостандығын немесе саяси дұрыстықты қолдау керек пе?” деген сауалнама жариялаған болатын. Дауыс бергендердің басым бөлігі бірінші нұсқаны таңдады.

Айта кетейік, Илон Маск Twitter-ді сатып алу келісімін 27 қазанда аяқтады. Келісімшарт сомасы 44 миллиард долларды құрады. Кәсіпкердің өзі сатып алу шешімін адамзатқа көмектесу ниетімен түсіндірді. Ол өркениет үшін салауатты атмосферада әртүрлі пікірлерді талқылауға болатын бір цифрлық платформаның болуы маңызды деп санайтынын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер