Қазақ қызы Қытайдың ең жоғары мемлекеттік сыйлығына ие болды

3269
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қытайлық қазақ қызы, белгілі өнер жұлдызы Риза Әлімжанқызы Қытайдағы ең жоғары мемлекеттік сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚазАқпараттың мәліметінше, биыл 33-рет үлестіріліп отырған Flying Apsaras сыйлығы – Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапаты. Риза Әлімжанқызы «Minning Town» телехикаясындағы рөлі үшін «Үздік актриса» номинациясының иегері атанды.

«Minning Town» телехикаясы өткен жылы қаңтар айында Қытайдағы көрермені ең көп бес телеарнада қатар көрсетіліп, жұрт өте жоғары бағалаған еді. Оған Қытайдың Нинся дүнген автономиялық регионының Сихайгу аймағындағы ауыл тұрғындарының кедейлікпен күресі арқау болады. Телехикаяда Риза қазымыр әкенің қатал үкіміне көнбей, тағдырын өз қолына алған қайсар қыз Ли Шуйхуаның бейнесін сомдап, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етеді.

1 қараша кеште Бейжіңдегі Шоуган аренасында өткен сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы сөз сөйледі.

«Мен бақытты жан екенмін. Қазылар алқасына, еңбегімді бағалаған көрермендерге мың алғыс. Өздеріңізге ана тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, рақмет!» – деп ағынан жарылды.

Пікірлер