Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экологиялық ахуалға баса назар аударып, көгалдандыру ауқымын кеңейту мәселесін сөз қылды. Президент Жолдауында Үкіметке экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілішісі.
Президенттің бұл тапсырмасын Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы бұлжытпай орындау үстінде.
Сәйкесінше, бүгінгі күні өңірде қала аумағын көгалдандыру жобасын жүзеге асырылуда. Жобаға сәйкес көпжылдық өсімдіктер үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, негізінен, сәуір-мамыр айларында отырғызылады, күтіп-баптау жұмыстары маусымнан қыркүйекке дейін, ал гүлзарларды жинап, жуалыларды отырғызу қазан айында жүргізіледі
Биыл көпжылдық өсімдіктердің жалпы көлемі 50%-дан асты – 74,3 шаршы м (раушан – 40 600, эхинацея - 7 200, лилейник – 4 000, лаванда – 7 500, шалфей – 3 600, мискантус – 5 200, гортензия – 3 500 және т.б)
2022 жылы жалпы көлемі 159 мың шаршы метр гүлмен безендіріліп (оның ішінде алдыңғы жылдардағы көпжылдық өсімдіктердің күтімі), 26 мың шаршы метр газон егілді.