Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

1248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-19.37.58-960x500.jpeg?token=746327fe4fab57014a9b7a4c2bcd9c1f
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 11:30-да жер сілкінісін тіркеген. "Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген. Қазақстан Ұлттық деректер орталығының хабарлауынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 4,4 болған. Еске сала кетейік, 17 қаңтар күні Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген еді. Сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында 2 балл болып сезілгенін хабарлады.
Комментарии