Ресей тұрғындары тегін қарбыз үшін таласып, бірін-бірі таптады

6209
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі Ижевск қаласының тұрғындары тегін таратылған қарбызға таласып, бірін-бірі таптады. "Түккөрмеген" тұрғындардың тоғышар әрекет жайлы "forpost-sz.ru" сайты жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қала паркінде өткен "Арбузник" іс-шарасында тегін таратылған қарбыздан қамтып қалуға жармасқан тұрғындардың ортаны азан-қазан қылған әрекетін көруге болады. Олар бірін-бірі төпеп, тегін қарбыз алу үшін таласқа түсіп жатыр. Тұрғындардың екпінінен қарбыздардың көп бөлігі жарылып, аяқтың астында қалған.

"Отбасыңмен тынығатын тамаша демалыс күні еді. Тезін қарбыз таратылады деп еді,  орталық азан-қазан болды. Достар, не көрінді сонша? Осылар базарда 150 рублден сатылады емес пе?" - деп жазды жазба авторы.

Тұрғындардың тобырлық әрекетіне қатысты парктің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Тұрғындардың өз-өзін ұстауы мен жүріс-тұрысына біз жауап бермейміз. Біздің құзырымызда тек оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау ғана бар. Әрбірінің тәлім-тәрбиесін бағып, жөнге салу мүмкін емес", - деді олар.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер