Нияз Ожанұлы. Ұлытау

4587
Adyrna.kz Telegram

Жер бар ма Сарыарқада Ұлытаудай,

Шөбі май, ішсең сусын, суы балдай.

Алабы күндік жерден көз тартады,

Басына бұлт айналып, шөккен нардай.

 

Шығыста – Баянауыл, Қарқаралы,

Ұлытау – алтын бесік Арқадағы.

Атайды Ұлытауды ескі тарих,

Үш жүздің енші алып тарқағаны.

 

Ұлытау – ел қонысы, жердің құты,

Өмірде болған емес қыстың жұты.

Бұл таудың маңайында болған елді

Дейтұғын «Едігенің майлы жұрты».

 

Сол таудың шыққандай боп шарасынан,

Су ішіп мөлдір бұлақ жағасынан,

Жайлауда қаптап жатқан қалың малдың

Жол тауып жүре алмайсың арасынан.

 

Өңірін Жыланшықтың баса-көктей,

Еркелеп Қорғантас тұр жас бөбектей.

Бұлдырап Едігенің етегімен,

Ырғайлы ағып жатыр ойға беттей.

 

Сыңғырлап әсем таудың күміс суы,

Жер бетін гүлдендірген бәйшешектей.

Бір келіп осы тауға тынығуға,

Ақыным, жүрген жоқ па қолың жетпей?

 

Кішітау кір жуытпай денесіне,

Қол созып бақытты өмір келесіге.

Еңкейіп Ұлытауға бас иеді,

Құмартқан құлындай боп енесіне.

Абылай орда тіккен Сарықопа

Бойында Шығырлының, білесің бе?

 

Айыртау, Қызылсай мен Сарыбұлақ,

Ежелден көне жерлер, елге тұрақ.

Ақшидің жауқазынды жылғасынан

Мың-мыңдап жамыраған қойым шулап.

 

Қақ жарып Итен шыңын тас бекітіп,

Төрт колхоз тоған салды басын құрап.

Сол таудың алпыс екі саласынан

Тоғанға құйып жатыр су зырқырап.

 

Сыяды мен мақтансам жарасымға,

Мал сыймай Ұлытаудың шарасына,

Отарлап отыз мың бас малым кетті

Торғайдың Есілменен жағасына!

 

 Нияз ОЖАНҰЛЫ 1882

Баба тауым – Бақ тауым. Өлеңдер.

Құраст.: Т. Бүкіров, Қ. Құрмансейіт.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер