“Петропавл - тарихи Ресейдің жері” деген жасөспірімдерді іздестіру басталды

11055
Adyrna.kz Telegram

"Чат Рулетка" қосымшасында Қызылжар аймағын Ресейдің тарихи жері екенін айтып, қазақстандықтарды Ресейдің мүддесі үшін соғып жатыр деген екі жасөспірімді іздестіру басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ҚазТАГ"-қа сілтеме жасап.

Қоғамда қайшылық туғызған видео "inter vata" ютуб арнасында жарияланды. Чатта болған әңгімеде жасөспірімдер:

"Қазақстандықтардың бәрі "Ресей жасасын!" деп айғайлайды... Петропавл кезінде Ресейдің губерниясы болған...Біз - Қазақстаннанбыз, бірақ бұл біздің, орыстың, жері", - дейді.

Сонымен қатар, чатрулетка қолданушылары президент ретінде Тоқаевты емес, Путинді мойындайтындықтарын жасырмады. Олардың сөзіне сенсек, қазақстандықтар тегіс Ресей мүддесі үшін соғысып жатыр-мыс.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде ойына келгенін айтып, жаңсақ түсінік таратқандарға қатысты деректерді ұлттық қауіпсіздік комитеті зерттеп жатыр.

"Бұған қатысты деректер облыстың ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер