Саяси сүргін құрбандарын ақтау. Президент өз жарлықтарының күшін жойды

4125
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы екі жарлығы күшін жойды, деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚазТаг-қа сілтеп.

Президент саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы өзінің бұрынғы қос жарлығының  күшін жойды:

1) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 854 Жарлығында "2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына өзгерістер енгіз туралы құжаттар өз күшін жойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Президенттің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығының 12-тармағын алып тастады.

Пікірлер