Алматы қаласының әкімі Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді

2647
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкімі Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Шараға Таяу Шығыс, Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының Өңірлік вице-президенті Хела Шейхроу, Орталық Азия бойынша Халықаралық қаржы корпорациясы Өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт, Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясы Өңірлік өкілдігінің басшысы Екатерина Бенджамин және басқалар қатысты.

ХҚК өкілдерінің айтуынша, Алматы Орталық Азиядағы өңірлік инвестициялық хаб болып табылады. Ұйым мегаполистің әлеуметтік- экономикалық  дамуына ықпал етеді, мұндағы басты бағыттар – қаржы секторы, агробизнес, инфрақұрылым, климаттық және экологиялық инвестициялар.

ХКҚ   техникалық-экономикалық ірі жобаларды одан әрі несиелеу үшін (ТЭН) 500 мың АҚШ долларынбөлуді ұсынды. Грант ағымдағы жылдың  соңына дейін келіп түседі. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматы дамыту Бағдарламасы аясында қаланың су ресурстары мен су шаруашылықтары нысандарын жүйелі басқаруды ұйымдастыру  жөніндегі әлеуетті жоба қарамстырылған.

Кездесу барысында Ерболат Досаев сондай-ақ жасыл облигациялар мен тұрақты даму, ІТ-хаб пен венчурлік қорларды құру бөлігінде Алматы қаласының әлеуетті инвестициялық жобаларын қоса қаржыландыруға ХҚК қатысуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті нығайтуға келісті.

ХҚК-мен белсенді екіжақты ынтымақтастықтың арқасында түрлі инвестициялық жобалар, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы, "БАКАД" мемлекеттік-жекеменшік жобасы және т.б. дамыды.

ХҚК-сы Дүниежүзілік банктің еншілес ұйымы, ең ірі жаһандық даму институты, оның құрамына 185 қатысушы ел кіреді. Қазақстан 1993 жылғы 30 қыркүйекте ұйымның толыққанды мүшесі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер