Темірлан Көлбай — «Алаш барысы»

2057
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Сырым ауданында батыр, қолбасшы Сырым Датұлының 280 жылдығы мен көрнекті мемлекет және ұлт қайраткері, Алаш зиялысы Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай қазақ күресінен ІІ республикалық "АЛАШ БАРЫСЫ" турнирі өтті.

"АЛАШ БАРЫСЫ" - Сырым ауданының төл жобасы. Бүгінде үшбу жоба деңгей жағынан өсті әрі қазақ күресінің дамуына дүмпу берген "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" турнирінің аналогына айналып келеді. Бүгін Жымпитыдағы алыптар айқасына батысқазақстандық Темірлан Көлбай, Нұрымжан Ғаббасов, Нұрбол Серіков, Атыраудан Сұңғат Закария, Қызылорда өңірінен Нұрым Сәлімгереев сияқты халықаралық дәрежедегі спортшылардың қатысуы осыны көрсетеді.

Бірақ ұйымдастырушылар  Арыстар ауылында өткен доданың  деңгейі республикалық екенін ұмытпаған, керісінше сол биіктікті ұстауға тырысқан. Балуандардың бірегей формасы, арнайы пресс - конференция, жарқ - жұрқ еткен жарық, сапалы дыбыс, комментатор мен тікелей бейнетрансляция, қажет жағдайда экраннан бейне қайталау - Жымпитыдағы күрес тойының айшығы.

Шараның салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысындағы қазақ күресі ассоциациясының Президенті Әсет Сұлтанұлы қатысты.

- Мақсат - кейінгі буынды Алаш рухымен рухтандыру. - деді шараның мән - маңызы туралы аудан әкімі. Ал, Әсет Сұлтанұлы: - Күрес сипатындағы спорттың түбі қазақ күресінен басталады. Ал, Жайық күресінің түбі - Сырым елі. - деп баға берді.

Белдесулер өте тартысты өтті. Балуандар "АЛАШ БАРЫСЫ" деген бедері бар алтын белдікті ұту үшін бозкілемде барын салды. Күрессүйер ағайынның қиқуы оларға дем бергендей.

Сонымен, көптің тағатын тауысқан турнир қорытындысы төмендегідей.

 Өгіз палуан:

🥉Әділбек СЕЙІСОВ  (Бөрлі ауданы) 100 000₸

🥈Табиғат МАҒАУИЯҰЛЫ (Атырау облысы) 200 000₸

🥇Нұрымжан ҒАББАСОВ (Сырым ауданы - "АЛАШ БАРЫСЫ" 300 000₸

 Түйе палуан:

🥉Сұңғат ЗАКАРИЯ (Атырау облысы) 300 000₸

🥈Теміржан КӨЛБАЙ (Бөрлі ауданы) 500 000₸

🥇Темірлан КӨЛБАЙ (Бөрлі ауданы) - "АЛАШ БАРЫСЫ" 800 000₸

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 Суреттерді түсірген: Айжан АМАНГЕЛДИНА

Пікірлер