Бүгін Оралда «Мерейлі отбасы - 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Жүлдегерлерді облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.
- Облыс бойынша 11 жылдың ішінде ұлттық байқаудың кезеңдеріне 2 205 отбасы қатысты. Оған қатысуға ниет етушілер де жыл сайын артып келеді.
Биылғы байқаудың қала және аудандық кезеңіне 205 өтінім түсіп, 26 отбасының құжаттары облыстық кезеңге жолданған.
Арнайы құрылған комиссияның шешімімен 13 отбасы облыстық кезеңге жолданып, бүгін шарада бас қосып отырсыздар.
Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту - Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі.
Отбасы – мемлекет назарынан
Үшінші орынға Ақжайық ауданынан қатысқан Ажгалиевтер отбасы ие болды. Ал екінші орын Қаратөбе ауданынан келген Байтеміровтер отбасына бұйырды. Орал қаласының атынан қатысқан Хамзиндер отбасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Динара Насыр