Казталовта I ауылнайлар форумы өтті

893
Adyrna.kz Telegram

6 сәуір күні аудан орталығында «Ауыл — береке мен бірліктің қайнар көзі» атты І ауылнайлар форумы өтті. Форумға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері мен елді мекендердің ауылнайлары қатысты.

 Ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумның күн тәртібінде ауылнайлардың жұмысын жетілдіру, ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар, елді мекендердің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

 Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов форумда сөйлеген сөзінде ауқымды іс-шараның Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ұштасып отырғанын атап өтті.

— Казталов ауданы бойынша елді-мекендердің ауылнайларының мақсаты мен міндеттерін айқындап, алдағы жоспарларды талқылау мақсатында жиналып отырмыз. Президентіміз «Шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» пен әділетті қоғам құру жолында өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқарады», деген болатын. Бүгінгі форум азаматтық қоғам қалыптастырудың айқын көрінісі. Ауылнайлар жергілікті әкімдікпен, депутаттармен, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар және ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оның қызметі ауылдық жерлердің өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған,  — деген аудан әкімі ауылнайларға куәлік табыс етті.

 Ауданымызда 47 елі мекен, 16 округ оталығы бар. Округ орталықтарынан бөлек 31 елді-мекенде ауылнайлар белгіленіп жұмыстарын атқарып келеді. Ауылдық округтердегі және елді мекендегі қауымдастықтың жиналыстарының хаттамалары негізде әр ауылдан ауылнайлар ұсынылды.

 Форумда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев ауылнайдың қызметі мен міндеттеріне, идеологиялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталса, аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Серік Ерболатұлы өз сөзінде қоғамдық тәртіп және тұрмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастармен бірге жұмыс атқарып, қоғамдық шаралар мен әлеуметтік қолдау шараларына белсене атсалысуға, ауылды өркендетуге, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды.

— Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамның саяси тұрақтылығы, халықтың бірлігі мен ынтымағы – бәріміз үшін басты құндылық. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастарды дұрыс тәрбиелеу, халықтың әл-ауқатын жақсарту – ауыл әкімдерінің, депутаттардың дән әр ауылнайдың негізгі міндеті. Қоғамды әлеуметтік жағынан қолдап, инфрақұрылымды дамыту және мәдени құндылықтарды сақтау – ауылдарымыздың өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Әрқайсымыз өз ауылымыздың дамуына жауаптымыз! Бірлесіп жұмыс жасап, ауданымыздың әлеуметтік ахуалын жақсартуға атсалысайық!,  — деді ол.

 Жиында Жаңажол ауылдық округінің Әбіш ауылының ауылнайы Абат Сарсенов, Болашақ ауылдық округінің Көпкүтір ауылының ауылнайы Артур Даулетов, Қарасу ауылдық округінің Жұлдыз ауылының ауылнайы Жанболат Ахметқалиев, Қараоба ауылдық округінің Қонысбай ауылының ауылнайы Нұрхат Егізов, Казталов ауылдық округінің Қоныс елді мекенінің ауылнайы Әділ Хайруллин сөз сөйлеп, бастамаға қолдау білдірді.

 — Бұқар жырау бабамыз «Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала болмайды», - деген. Бүгінде 58 аулалы ауылымызда мемлекеттің қолдауымен және ауыл азаматтарының бастамасымен біраз ілкімді істер атқарылуда. Алдымен ауылдың халық санын арттыру, мектептің жабылып қалу қаупінің алдын алу мақсатындағы және ауылды дамытуға бағытталған «Қаладан-ауылға» бағдарламасын атап өткім келеді. Жалпы өткен жылы ауылымызда 6 үй бой көтерді. Оның 2-уі «Қаладан-ауылға» бағдарламасымен көшіп келген отбасыларға берілсе, 2-уі тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға берілді. Жеке екі үй салынды. Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған игі бағдарламалар үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына, мемлекеттік бағдарламалардан ауылымызды да назардан тыс қалдырмай, тізімге қосып, жүйелі жұмыстар атқарғаны үшін өңір және аудан басшылығына алғысымыз шексіз. Бүгінгі форум өте жоғары деңгейде өтуде. Мен бұл форум жергілікті атқарушы орган мен елді мекендердің ауылнайларының пікір алаңына айналады деп сенемін. «Кеңескен елде кемдік жоқ» дегендей ауылдағы мәселені бірлесіп шешіп, ауылды бірге дамытуға, өркендетуге күш салайық!,  — деген ауылнай жаңа мектеп салу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, интернет желісінің қажеттілігі сынды ауылдағы өзекті мәселелерді атап өтті.

 Форум аясында аудандағы түйткілді мәселелер де талқыланды. Сонымен қатар елді мекендердің әлеуетін арттыру мақсатында «Үздік ауыл», «Үздік ауылнай» сынды жобаларды жүзеге асыру, ауылнайлар арасында семинар ұйымдастыру  жөнінде ұсыныстар айтылды.

 Өткен жылы өңір басшысы Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асқан «Қаладан-ауылға» бағдарламасын ауданда жүзеге асыруда үздік нәтиже көрсеткен Болашақ және Талдыапан ауылдық округтерінің әкімдіктеріне жаңа автокөліктің кілті табысталды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер