«Батыр» гвардиясы батыр тұлғалармен кездесті

2143
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған «Азаматтық борыш» жобасы аясында 15 тамыз күні «Батыр» гвардиясында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Шараға ардагерлерден Серікбай Кеңесбайұлы, Өмірбай Сағындықов, Байдәулет Құрманқожаұлы, Әділ Бектасұлы қатысты.  Кездесу барысында «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ  буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар  буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.  Ал сіздер, бүгінгі шараға қатысушы Ауған соғысының ардагерлері,  бұл патриоттық  борыштарыңызды сол  кезде ақ өтедіңіздер. « Дәуір қателігі» деген сөзде ақиқат жоқ. Өйткені сіздер  қазақ деген халықтың қашаннанда батылдық пен батырлықтың иесі екенін, қажает болса – Отан үшін оттан да қорықпайтынын дәлелдедіңіздер. Бұл – тарих,  ал тарихты  ешкім  өзгерте алмайды.  Сіздерді  өз  атымнан, аудандық  маслихаттың депутаттары атынан осы  мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық,  отбасыларыңызға береке тілеймін» - деді, кеш жүргізушісі Бердалы Оспан ағамыз.

Шара аясында сөз алған Серікбай Кеңесбайұлы: «Шынымды айтсам біз ол кезде ерлік  жасадық деп ойлаған жоқпыз. 18 жастағы, мұрты тебіндеп үлгермеген бозбалалар қырғын соғыстың ортасына түскенде не болғанын ұқпай да қалдық. Жүрегімізде тек «Отан үшін!»  деген патриоттық сезім  болды.  «40  жыл қырғын болса да, ажалды өледі» дегендей, аман-есен туған жерімізге оралдық еңбекке  араластық. Бақыт деген осы.  Бірақ сол кездің жаңғырығы  бізге әлі де естіліп тұрады десек өтірік емес. Майдандас достарымыздың бейнесі көз алдымызда. Соғыстан оралып келгеннен кейін  жарақат  салдарынан өмірден ерте озған ардагерлердің есімін біз де, өскелең ұрпақ та ұмытпайды.»

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»  деген сөздің өз мәнін  ешуақытта  жоғалтпайтынына  бүгін көзіміз  тағы бір  жеткендей болды. Ауған соғысы  ардагерлерін еске алу, ерліктерін паш ету-біздің қасиеттері парызымыз. Бұл дөңгелек үстелде өткезудегі біздің ең басты мақсатымыз ерліктерімізді ұлықтау. Өйткені, өткенсіз – бүгін жоқ. Ертеңіміз бүгінгі күннен де жарқын болсын! Өткен еске алу арқылы ғана, болашаққа нық қадам басамыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер