Пәкістанда су тасқынынан мыңнан аса адам қаза тапты (ВИДЕО)

1613
Adyrna.kz Telegram

Пәкістанда маусым айының ортасынан бергі су тасқынынан 1033 адам қаза тауып, 1527 адам жарақат алды. Бұл туралы Табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек,
барлығы 33 миллионнан астам тұрғын зардап шеккен. Су тасқыны 3451,5 км жолды зақымдап, 149 көпірді қиратты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Үкімет елде төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ билік басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан көмек көрсетуді сұрап отыр.

Пікірлер