"Әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық": Ерлан Қарин табылған бітіктас туралы пікірін білдірді

5774
Adyrna.kz Telegram
Қазақ ғалымдары Дархан Қыдырәлі, Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев моңғолиялық әріптестерімен бірлесіп Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин фейсбукқа жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Номгон» бірлескен экспедициясын Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын.
"Мамандар Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасап отыр. Сонымен қатар табылған бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші екенін мәлім етті.
Бұл түркология ғылымына ғана емес, әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық, зор үлес. Бүгін Дархан Қыдырәлімен хабарласып, қазақ ғалымдарының тарихи табысымен құттықтап, қуанышқа ортақтастық. Ол жуық арада баспасөз мәслихатын өткізіп, бітіктастағы жазулардың сырын ашып, жалпы жұртқа жариялайтындарын айтты. Осылайша, отандық ғалымдар көне заманның көмбесін тауып, оны әлемдік айналымға енгізбек", делінген жазбада
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер