Ерлан Қарин Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді

1463
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында 2024 жылды қорытындылап қана қоймай, бірыңғай уақыт белдеуі, атом электр стансасы, доллар бағамы, Талғар оқиғасы, кезектен тыс сайлау өткізу ықтималдығы және басқа да қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді. Жыл басында ашық әрі мазмұнды сұхбат беру жаңа саяси дәстүрге айналып келеді.

Бұл сұхбаттағы негізгі ой-тұжырым – елімізде ауқымды әрі жан-жақты реформалар жалғасын табады, алда атқарылатын жұмыс көп, сын-қатерге толы кезеңде күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамның береке-бірлігін сақтай білу керек.

Жалпы, сұхбатта ішкі саясаттың 2025 жылға арналған күн тәртібі анықталған. Мұндай тәсіл мемлекеттік органдар үшін де, қоғам үшін де тиімді, себебі мемлекет саясатының мақсаттарын терең түсінуге септігін тигізеді. Биліктің елімізді одан әрі дамытуға қатысты ұстанымын көрсетеді”, - деп жазды Ерлан Қарин.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер