Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

3031
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрлігі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісін тағайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша жалақыны көбейту, мұғалімдерді есеп беруден және міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қазір біз салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық. «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Төсбелгі 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен мұғалімдерге беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер