Маңғыстау мұнайшылары жалақыны көтеруді сұрап ереуілге шықты

2407
Adyrna.kz Telegram

17 тамызда Маңғыстау облысындағы «Қарақұдықмұнай» ЖШС жұмысшылары ереуілге шығып, компания басшылығынан жалақысын бірден 100 мыңға көтеруді талап етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ереуілшілердің айтуынша, олар бұл наразылыққа заңды түрде шыққан, олар акицяға шығатынын компания басшылығына хабарлап, уәкілетті органдардан рұқсат алып, бір апта бұрын мәлімдеген. Жұмысшылар кен орнында, вахталық қалашықтағы жатақхана ғимаратының алдында ереуілге шықты.

«Біз компания басшылығынан жалақымызды 100 мың теңгеге көтеруді сұраймыз. Осы жылдың наурыз айында біз ереуілге шықтық, сол кезде басшылық талапымызды орындауға уәде берген еді, алайда сол күйі орындамады. Біз бүгінгі наразылығымызды ресми түрде тіркедік және соңына дейін баруға дайынбыз, басшылықтың шешімін күтеміз», - дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Сондай-ақ компания қызметкерлері ереуілденөндірістің тоқтамағанын, жұмыс әдеттегідей жүргізіліп жатқанын атап өтті.

16 тамызда прокуратура, еңбек инспекциясы және аудан әкімінің өкілдері жұмысшыларға келіп, мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берді, бірақ вахташылар әзірге одан еш нәтиже шықпағанын және басшылықтың көнбей отырғанын айтады,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер