АБЗАЛ ҚҰСПАН: Жалақорлар мен бәлеқорларға заң жүзінде тосқауыл қою керек

1173

Алдыңғы жолы жазғанымдай, шамалауымша 2019-дың басынан болу керек, кәсіби жалақорлардың нысанасына айнала бастадым. Бастапқыда, жазбалары қатеден көз тұнатын, өңшең сауатсыз әрі аузына не келсе соны айтатын адамдар тасадан тұрып тас ата бастағанда “соларды қойшы, есі дұрыс адам осындайға сене ме?” деп көңіл бөлмегенмін.

Кейіннен бұлар топтасып, кәдімгідей қара күшке айнала бастады. Артынан бірінің тірсегін бірі шайнап, өзара қырқысып барып жойылды білем, қазір қарасы көрінбейді. Бірақ, әлеуметтік желі, соның ішінде ютубта құсып тастаған видеолары күні бүгінге дейін бар. Анда-санда ауылдық жерлерге бара қалғанда, ел-жұрт: «Сол видеода сіз туралы бүй деді, не айтасыз?»,– деп сұрайтын кездері де болады.

Яғни, бұларды біз елеп-ескермегенімізбен, қарапайым ауыл тұрғындары тарапынан бұндай сапасыз дүниелерге де сұраныс бар деген сөз!

Оның үстіне қазір елге танымал тұлғалар, кейбір саясаткер деп жүрген ағаларымызда қазақтілді ортада осы тәсілді қолданатын болды. “Анау сатқын, анауда сатқын, жалғыз мен ғана күрескер” деген қып-қызыл популизм олардың күнделікті риторикасына айналды.

Себеп? Себеп біреу! Қазақтілді орта күшке, күш болғанда да өте үлкен күшке айналды! Ал ол ортаға өтетін әңгіме жоғарыда айтылғандай “жаптым жала, жақтым күйе” деп ойлайды олар.
Бұдан шығатын қорытынды мынадай: жалақорлар мен бәлеқорларға заң жүзінде тосқауыл қойып үйренуіміз керек. Қалай, қайтіп? Оны күні ертең басталатын сот процесінен көре аласыздар.

Неге біз өзіміз күресуіміз керек, мемлекет неге шара қолданбайды дерсіз. Себебі жала жабу мен қорлау тек жеке адамға бағытталады. Егер сол адам менің ар-намысыма тиді деп өзі құқық қорғау органдары мен сотқа арызданбаса, онда мемлекет өз бастамасымен бұл процеске араласа алмайды.  Ал енді жай қызық үшін көрем деушілер попкорндарыңды дайындап қойыңдар, бұл бір емес, бірнеше серияға созылады деп ойлаймын.

Суретте: 2019-да маған қарсы басталған кибершабуылдан бір көрініс. Қатесіне, монтаждалған фотома назар аудармаңыз, айқайлап тұрған тақырыпты айтсаңызшы, тақырыпты! Қызығып, көргісі кеп кеткендерге, пікір жазатын жерге видеосын да салдым. Айтқандай бүгін-ертең елге танымал бір саясаткер ағамыз ойбайлап бастайды.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket