"9 млн теңге несие": Министрлік әскердегі суицид неге жиілеп кеткенін түсіндірді

1212

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жас сарбаздардың не себепті суицидке баратынына тоқталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Қолымда статистика бар. Елімізде осы жылдың 5 айында 4318 адам өз-өзіне қол салған. Оның ішінде Қарулы күштерге жататыны - 4 адам. 4 жағдай бойынша  екеуіне – тұрмыстық әлеуметтік жағдай себеп болған. Қалған екеуіне қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бізге әскери қызметке 18 жастағы жастар келеді. Олардың мойнында 9 млн теңге несиесі тұрады. Осындай әлеуметтік жағдайлар себептердің бірі болуы мүмкін. Әр жағдайды жеке қарастыру керек. Суицидке дәл осы жайт себеп болды деп бірдеңе деу қиын", - дейді Дархан Ахмедиев.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket