Абайды мойындамайтын кәсіпкер өз сөзінен айныды

3502
Adyrna.kz Telegram

Sn.kz қызық хабар жариялады: Кәсіпкер осы видеосы оның дәрежесіне кері әсерін бергенін айтады. Яғни, ол рейтингісін жоғалтып алыпты.Қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Байділдә бұған дейін ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлын мойындамайтынын айтқан болатын. Оның: «Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді» деген сөзі ел тұрғындарының ашуын туғызды.

Енді кәсіпкер ақталып, өз сөзінен айнып шыға келді. Айтуынша, бұл сөзді шынайы емес, тек қазаққа Абайдан басқа ұлы тұлғалар барын көрсеткісі келген екен.

«Қазір халыққа сөздің емес, іс-әрекеттің адамдары үлгі болғанын қалаймын. Өйткені қазақ Абай сияқты болып кеткен, жуас. Бұл видеода Абайдан басқа да ұлы тұлғалар барын көрсеткім келді. Кенесары, Жәнібек, Тәуке ханды атап айттым. Интернет менің сөзімді бөліп, басқаша мағынада шығарған. Менің мақсатым – халық ойлансын дедім. Әрине, қатты айттым. Оны мойындаймын. Осылай қазақтар ойлансын дедім. Бірақ мен Абайды сыйлаймын. Кітаптарын да оқыдым. Мен Абайдың ар-намысын таптаған жоқпын. Әшкерелеген жоқпын. Абай осы заманда туса, блогер болар еді деген сөзді тікелей мағынада қолданбау керек. Ол гипербола Абай қара сөздерін күнделік ретінде жазған. Егер Абай қазір өмір сүрсе, онда сол сөздерін кітапқа емес, әлеуметтік желілерде жазатын еді», – дейді Нұрлан Байділдә «Бірінші арнаға» берген сұхбатында.

 

Пікірлер