Мәдениет үйіне айналады

3068
Adyrna.kz Telegram
Abai.kz сайтының хабарлауынша:

"Ақша жымқырды" деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  жекеменшік коттеджі Ақмола облысындағы Қосшы ауылдық әкімдігіне берілмек.

Сөйтсек, әлгі ауылда Мәдениет ошағы жоқ екен. Бишімбаевтың дәу үйі енді әкімдікке беріліп, жергілікті басшылар сол кемшіліктің орнын Қуандықтан қалған үймен толтырмақ көрінеді.

"Бұл біздің ең қымбат нысанымыз болады",- деп қуанған ауыл әкімдігі бұл жекежайды мәдениет үйіне айналдырмақ. Ал, прокуротура өкілдерінің айтуынша, бұл үй кезінде 60 млн.теңгеге салынған.

Негізінен, Бишімбаев  бұл үйді аңшылық үшін тұрғызған екен. Ал, нысан оның енесінің атында болған.

Еске салсақ, экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Және ол өмір бойы мемлекеттік қызмет істей алмайды

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер