"Дикий Арманның оң қолы": Ақтауда Хабиб үшін полицейді итеріп жіберген адам кім?

5084
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов үшін полицейді итеріп жіберген адамның есімі белгілі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Халық үні" басылымының хабарлауынша, ол Атырау облыстық самбо федерациясының президенті Арман Тоғаев болып шықты.

Арман – Атыраудың тумасы. Ол бұрын екі мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Арман Тоғаев Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») Батыс Қазақстандағы «оң қолы» саналады. «Екеуінің басын біріктіріп тұрған сәләфизм идеологиясы», –  деген дерек бар.

Ақтау қаласында арасында Хабиб Нурмагомедов бар бас мүфти бастаған кіші қажылық жасаушы топты Арман Тоғаев қарсы алғанда ол полицейді итеріп жіберген еді. Осы оқиға әлеуметтік желіде таралғанда жергілікті адамдардың тәртіп сақшысын Путинді қолдайтын ресейлік азамат үшін итеріп жібергені сынға ұшыраған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер