Еліміздегі кредиттің ең жоғары мөлшерлемесін қайта қарау ұсынысы тасталды. Экономист Марат Әбдірахманов қазіргі таңдағы 56% ставканы мүлдем тиімсіз деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Марат Әбдірахманов Азаматтық кодекс туралы заң бойынша несиелеудің шекті мөлшерлемесі экономикалық жолмен әрі Дүниежүзілік Банктің нормативтеріне сәйкес есептелуге тиіс екенін мәлімдеді.
"Бұл ставканың мөлшері Қазақстан экономикасының жалпы рентабельділігіне байланысты және одан жоғары бола алмайды. Ал бұл көрсеткіш 2021 жылы шамамен 20%-ті құрады. Мәселені шешу үшін Азаматтық кодекстің тиімсіз келісімдер бойынша барлық міндеттемені алып тастау туралы нормасын қалпына келтіру қажет", – деді сарапшы.
Экономист бұрын 1999 жылға дейін қолданыста болған Азаматтық кодекстің осы нормасын қалпына келтірген жағдайда, 3 миллион адамның кредиті сот арқылы есептен шығарылатынын тілге тиек етті.
"Ол еш нәрсеге негізделмеген және дамыған елдердің басым көпшілігіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл үкіметтің және осы жылдар ішінде экономикалық саясатпен, қаржы нарығын реттеумен айналысқандардың қателігі. 56% – бұл тонау", - деді ол.
Халық партиясы төрағасының орынбасары ең жоғары ставканы "қайта қаржыландыру ставкасынан екі есе мөлшерде белгілеу керек"деп атап өтті.
“Адырна” ұлттық порталы