Кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық , экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру

2081
Adyrna.kz Telegram

  Әр ел үшін ең басты нәрсе елдің экономикасын дамыту болып табылады. Экономика бұл мемлекеттің керегісі іспетті. Егер жақсырақ құрылса, онда елдегі халықтың жағдайы жақсарады, ал төмен болса онда мемлекет пен халық арасында түсінпеушілік жағдайлар орын алады.Ел жағдайының жақсаруының негізгі алғышарты нарықтық экономика болса , онда экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар – кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Атап айтқанда, елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру , оны мемлекет атынан қолдау және қорғау жатады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мысалы , Еуропа және АҚШ-та кәсіпкерлікті бастаушыларға жеңілдік жасайды, салық төлеу қызметін азайтып , кәсіптің дамуына көп көңіл бөледі. Ал біздің Елімізде жаңа кәсіп бастаушыға жеңілдіктер жасалған ба? Жасалса қандай және қаншалықты?

Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi.

Жеке  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:

1) қаржылық және мүліктік қолдау;

2) инфрақұрылымдық қолдау;

3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;

4) жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау.

Біздің елімізде кәсіп бастаушыға көптеген жеңілдіктер жасалған. Алдымен 1 жыл салықтан босатса , бизнес бастауға керекті қаражат береді .Онымен қоса кәсіп бастаушыларды қолдайтын серіктестіктер бар. Әрине бұларға «Бизнес бастау» және «Атамекен» жаңа кәіпкерлерге қолдаушы серіктестіктері жатады.  Ал Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары белгілі уақытқа дейін асырылуы тиіс міндеттемелерді жасады. Оларға «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан -2050» стратегиялары мен «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» деген кезекті жолдаулары жатады.  Бұл жолдаулармен қатар кәсіпкерлікті мемлекет қорғайды . Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру сондай-ақ,  Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік шаралар кешені.

Мемлекет атынан кәсіп бастаушыларға қанша жеңілдіктер бөлінсе де , елде жұмыссыздық азаяр түрі жоқ . Жастар алдымен ұзақ жылын оқуға арнаса , кейін өз мамандығымен жұмыс жасамай жұмыссыз азаматқа айналады. Ал кейбірі қаншама диплом алса да керексіз екенін , жұмыс жоқ екенін жасырмай айтады. Осы себептер халықтың хәл-ақуал нашарлатып , еліміздегі экономиканы артқа тартуда. Осы себептер болмас үшін не істеу қажет? Ол үшін алдымен азамат өз мамандығын нақты таңдауы қажет , өз қабілетін анық білгені жөн. Еліміздің негізгі күші әрі алға жылжытушы әлеуеті – жастар екені бәрімізге мәлім . Олар белсенді және берілген істі бірден алып кетеді. Сондықтан нарықты дамыту үшін осы тап өкілін кәсіпке тарту керек.

Шағын және орта бизнес – ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі салалардың бірі де бірегейі екені белгілі. Сондықтан , Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бойынша орталық атқарушы орган келесідей жұмыс түрлерін атқарады:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеп жүзеге асыру;

3) шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік шараларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру және үйлестіру;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу мен қаржыландыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуал мен жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жасау;

6) жеке кәсіпкерліктің әрекет ету сфераларын зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

7) ҚР Үкіметіне жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсыну;

8) республика аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуына ықпал ету;

9) шағын кәсіпкерлік аясында мамандарды даярлау, қайта даярлау және квалификациясын жоғарылату жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР заңнамасының орындалуын қадағалау;

11) ҚР Үкіметі мен Президентіне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әрекетін регламенттейтін ҚР заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беру

12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы экспертті кеңестердің әрекетін үйлестіру;

13) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриалды дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуына жағдай жасау;

14) шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша инвесторларға, халықаралық грант беруші ұйымдарға жағдай жасау;

15) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық нарыққа шығуға жағдай жасау;

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін Елімізде  бес мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарылды. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілді. Мұның бәрі ШОБ-ты қолдау үшін жасалып жатқан әрекеттер.

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді.                     Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.

Нарық негізінен қоғaмдык тұтынyшылаp мeн өндіpyшілеpді бaйлaныстыpyдың тиімді және оңтайлы механизмі болып саналады. Оның нәтижесі әлeмдік өpкeниeттің іpі жeтістіктеpінің біpі болып көрініс табады. Біздің Елімізде көптеген кәсіпкерліктер бар. Олар өздерін қамтамасыз етіп қана қоймай Қазақстан үшін де өз үлесін қосуда. Мысалы, Food Master ді алсақ болады. Ол біздің №1 отандық өнім. Ол тек өздерін ғана қамтамасыз етіп қана қойып қойған жоқ сонымен қатар, Еліміздің нарығы үшін де зор пайдасын тигізуде. Сонымен қатар, Рахат тәтті кондитерлік фабрикасын алсақ та болады. Ол тек Қазақстанға ғана емес басқа да елдерге экспортталуда. Мысалы , Германияда , Швецияда т.б ірі-ірі мемлекеттер мен елдерде бар. Бұл Қазақстанның нарығын ғана жақсартып қана қоймай , сонымен қатар, Еліміздің экономикасын да жақсартуда.

Кәсіпкeрлік іс әрeкeттің eрeкшeліктeрі: тәуeкeл; бeлсeнділіk; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену. Егер осы қасиеттер кәсіп бастаушының бойынан табылса , онда ол азамаь кәсіп ашуға дайын деген сөз. Алайда , кәсіп бастаушы тек қана айттылған дүниелер ғана емес .Сонымен қатар, оларды кәсіби жетілдіру және рухани кемелдендіру қажет. Олардың кәсіп бастаудағы қиындықтардан қиналмай өтуіне , бизнес жасап жатқан кезінде тосынан келетін кедергілермен күресуге және сол кедергілерге тап болған жағдайда өздерінің меңін жоғалтып алмауға , қиындық және құлдырау кезеңіне дайын болып , сол кезде сол әлеуеттің өзінің құлдырап кетпеуіне , сол жағдайды болдырмас үшін алдын алуға рухани жетілдіргенде ғана жас кәсіпкер топ осындай қиын кезеңдерден сүрінбей өтеді. Қаншама кәсіп ашылып ұзақ мерзімге жетпей жабылып мүлдем жойылып кеткені бізге белгілі. Ал олардың не себепті мұндай күйге тап болғанын ескере кеткеніміз абзал . Құлдыраған кәсіпкерліктер кәсіп бастағанда тек арманға жетуді ойлағандар, өткен кәсіпкерлердің қателіктеріне көз жүгіртпей соны қайталағандар және бизнестен хабары жоқ бола тұра тәуекелмен кәсіп ашқандар, кәсібінде құлдырау кезеңіне шыдамай тарқап кеткен топтар , сонымен қатар кәсіптегі майда қателіктерін ескермей  не сол қателіктерді жөндемей жүзе асырамын деп алға жылжымақшы болған тарқалған және құлдыраған кәсіпкерліктер мен кәсіпкерлер. Міне , осындай қателіктерді қайталамас үшін рухани жетілдіруді қолға алу керек, таныс болу қажет.

Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:

  • шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;
  • жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу жатады.

Қорытындылайтын болсақ , Осы функцияларға мән бере қараған жағдайда кәсіпкерге жан – жақты қолдау және көмек қажет, әсіресе мемлекет тарапынан. Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін біршама үлесін қосатын бұл кәсіпкерлік екенін білеміз . Қазіргі таңда мемлекет кәсіпкерлікті қолдап отыр және көптеген шаралар жүргізілуде. Егер мемлекетімізде кәсіпкерлікті осылай қолдап, одан әрі жалғастыра берсе, Республикамыздың экономикасы алға қарай өрлейтіні бізге белгілі. Мемлекет жасаған жолдаулар мен қолддауларды кәсіпкер тиімді пайдалана білу оның кәсіби жетілуі мен шеберлігі өз еншісінде...

Риза ХАЛЕНОВА,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер