Путиннің сөзінен кейін Эстония СІМ Ресей Елшісін шақырып алды

2608
Adyrna.kz Telegram
Фото: profile.ru
Фото: profile.ru

Эстония сыртқы істер министрлігі Путиннің Нарва қаласы туралы сөзі үшін жұма күні Ресейдің осы елдегі елшісі Владимир Липаевты шақырып алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

"Азаттықтың" хабарлауынша, Ресей елшісімен әңгімелескен шенеуніктің сөзінше, Эстонияның Нарва қаласы туралы Путин сөзі Эстонияны алаңдатады.

"Халықаралық құқық пен мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастық құрметтеуге тырысу орнына Ресей империалистік пиғылын тарихты бұрмалау арқылы күшейтіп отыр. Мұндай тәсілдің соңы жақсылықпен аяқталмайды, тіпті Ресейдің өзіне де қауіпті",- дейді Эстония сыртқы істер министрлігі.

Эстония Владимир Путиннің Ресей императоры - І Петрдің саясаты туралы сөздеріне назар аударған.

Бейсенбі күні жас кәсіпкерлермен кездескенде Путин "І Петр Солтүстіктегі соғыс жылдары Швеция жерін тартып алған жоқ, өз жерін қайтарып алды. Санкт-Петербург қаласының іргетасы қаланған жерде "славяндар фин-угор халықтарымен қатар өмір сүрген. Бұл жер Ресей бақылауында болған. Батыс жақ та солай, мысалы Нарва жақ" деп сөйлеген.

"Біздің маңдайымызға да жерімізді қайтарып алу жазылған сияқты" – деген Путин қай жерді меңзегенін нақты айтпаған.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер