«Бекболат екеуіңнен құнын алам». Светқали Нұржан Тазабекке арнау жазды

2813
Adyrna.kz Telegram
Фото: adebietportal.kz
Фото: adebietportal.kz

Белгілі ақын Светқали Нұржан әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда  маусым күні өткен референдумға байланысты жазған Мұхаметжан Тазабектің өлеңін сынап жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Төмендегі бетпақ шатқан шатпақ әлем-жәлемде “хит” болып жатыр екен. Нәйеті, осы адамнан азған пәлекеттерге сөз шығындау аузыма қаншалықты ылайық деп ойлауға да болар еді, бірақ бұлардың Отанымызға салған 30 жылдық ылаңы және шексіз арсыздығымен тағы да қазақты ақымақ көріп, алдамақ болып, сөйтіп әр жер, әр жерден жылтыңдап көрінгісі, жағынғысы, тағы санатқа енгісі, сапқа кіргісі келіп тұратын сұмпайылықтары жүректі айнытады! Ал айныған жүректен қай бір оңған өлең шықсын?! Бұл да сондай бір кеп», - дейді Facebook желісінде Айт-ман Нұржан деген атпен тіркелген ақын.

Бұдан ары ақын Тазабектің ұйқасына салып, бірер жол өлең жазады. Өлеңінде әнші, экс-депутат, Түркиядағы бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеуханның да аты аталады. Ақын бұл екеуін Қазақстандағы діни ағым салафизм ағымы үшін кінәлапты.

Жалпы, Светқали Нұржан Қазақстанда 2000 жылдардың басында кең жайылған тағы бір діни ағым – суфизмнің (сопылық) белді өкілі ретінде жиі аталады. Ол осы ағымның Қазақстандағы негізін салушы Исматулла Мақсымның қасынан жиі көрініп қалады.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Мұхаметжан Тазабек Конституцияға өзгеріс енгізу үшін өткен бүкілхалықты референдумға барып, дауыс бергенін өлеңмен жазып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған. Ол қазір шетелде жүр. Ел арасында «осы ағымның серкесі Қайрат Сатыбалды қамауға алынған соң, Тазабектер шетелде бой тасалап жүр» деген болжам айтылады.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер