Мәжіліс депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Назарбаев әулеті мүшелерінің қайда жүргенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы 1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді», – деді мәжілісмен.
Сондай-ақ, депутат Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы орны елеулі екенін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.
«Конституциядан Елбасы атағын алып тастағаны Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын бір сөз айтайын. Нұсрұлтан Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Осы мемлекет қалатын болса Назарбаевтың аты аталады. Саясат деген ақ пен қараның қақтғысы емес, әлем түрлі-түсті», – деді Айдос Сарым.
”Адырна” ұлттық порталы