ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие алуға 20 мыңнан астам өтініш түскенін, 9 885 өтінім мақұлданғанын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Бұл шамамен 73 млрд теңге. Әзірге резервте 27 миллиард теңге бар. 3 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Ең дұрысы, бұл 100 миллиард берілсе, міндетті түрде 100 миллиард емес, бір-екі айдан кейін, олар төлей бастағанда, револьверлік тәртіппен сол банкілер ақшаны басқа адамдарға несие беруге қолданады",-деді ол.
Алдағы уақытта жеңілдетілген автонесиеге қосымша ақша бөліну-бөлінбеуіне қатысты сауалға жауап берген министр әзірге осы қаражат қана қарастырылғанын, бірақ бұл бағдарлама халық арасында сұранысқа ие екенін айтты.
"100 млрд теңге айына 85 мыңнан: 15-16 мың адам айына 85 мың теңгеден төлейді. Айына қанша ақша жиналатынын есептей беріңіз. Бұл тек математикалық есеп", - деді Қайырбек Өскенбаев.
"Адырна" ұлттық порталы.