Виртуалдағы жауапсыз махаббат (әңгіме)

3389
Adyrna.kz Telegram

Кеше кеш жатқан.  Соған қарамастан ерте тұрды. Бас жағындағы денесінің бір бөлшегіне айналып кеткен айфонын қолына алды. Түнде оның жазбасын лайктаған, инистаргамадағы суретіне "супер" -,деген коментарии қалдырды.  "Не істепті?, оқыдыма?".....  Телефонын шұқылап оның парақшасын тауып алды. Ол әлі кірмепті. Е жарайды біраздан кейін кірер.

Екеуі бір Университетте оқыса да бірін-бірі жыға танымайды. Таныстарының ішінде жүрген соң достаса салды. Кім бірінші "дружба" жіберді кәзір есінде жоқ. Содан бері ойлайтыны сол. Оның суретеріне ғана емес әрбір жазбасына лайк басып керек десе тамаша коментарии  да қалдырады. Ол да сондай.. . Брақ.... Брақ  жекеге  жаза қойған жоқ әлі.  Дәл мұны аңдып отыратын сияқты бұл кіргенде лайктап жатады ғой...  Мәселен мына жазбасы өзіне арналғандай , міне былай  "қыздар көп бірақ менің жүрегім жалғыз, сол жалғыз жүрегім жалғыз адамды сүйеді, тағы да бірақ  мен оған деген сезімімді айтуға батылым жетпейді ау"  астына қызыл көйлекті қызбен "жігер"  триосының  "сүйіктіме" деген әнін қойған. Бастапқыда жүрегі зу ете түскен қыздың суретін көріп..  Суретті үлкейткенде барып оның кәріс телехикаяларының біріндегі әртіс қыз екендігін көріп жүрегі орнына түскен.

Іле өз парақшасына "жауап"? ретінде  "Некоторые люди не слышат, что ты говоришь, а некоторые слышат, о чем ты думаешь." деп әдемілеп жазып, айнаның алдында селфи жасап, суретке түсіп жіберді.  Бұл жазбасына да лайк қойыпты.

Соңғы кезде ол көп көрінбейді. Жоқ, Универде жүр ғой әлеуметтік желіде көп көрінбей жүр. Бір тәулікте 24сағат болса соның 20 сағатында жасыл болып тұрады бұл..  Ал ол болса тез кіріп, шығады.  Таңғы асын ішіп сабаққа шықты. Автобуста отырып оның парақшасына кірген, "е міні кіріпті"... Жүрегі атқақтай соғып, өз парақшасына келді. Шамалы жасыл жанып, шығып кетті.  Көңілі пәсейген күйі (себебі жаңа жазбасына лайктамады) Универге қарай қадам басты. Кенет жол бойындағы құшақтасып отырған екеуге көзі түсті. Сұр күртеше таныс.. Қолынан телефоны түсіп кетіп жерге шашылып қалды. Сүйісіп отырған екеуі жалт қараған, иә сол екен. Ол жаққа қарамауға тырысып бақты. Көңілі астан-кестен тап бір алданып қалғандай. Аудиторияға кіргенен кейін телефонын қосып оның парақшасына кіріп достарын қарай бастады.  Қыздарды қойып жігітерге де лайкты аямай қойыпты. Тіпті кейбіріне "не деген әдемсіз",  "сұлусыз" деген коментарий да тастаған. Лайк сатып алатын зат емес қой деп баса берген шамасы.....


                                        Аида ҚОЖМАМБЕТОВА 

Пікірлер