“33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған”: Алматы облысында мемлекеттік мекеме басшысы сотталды

610
Фото: acca.media
Фото: acca.media

Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тергеу мәліметтері бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

“ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды”, делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket